Сақтық-эпидемиялогиялық талаптарды сақтайық!
Қала әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ мүшелері қала әкімінің орынбасары Н.Худибаевпен Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының инспекторлары «Шаңырақ» шағынауданында орналасқан кәсіптік нысандардың санитарлық нормаларын тексерді. Тексеріс барысында «Бөкен-Жәнібек» базарында орналасқан дәріхана мен базар жанында орналасқан балық сатушыларынан түсініктеме алынып, айыппұл салынды.


Құрметті қала тұрғындары!
Сақтық-эпидемиялогиялық талаптарды сақтайық! Бұл ескертулер барлық кәсіп иелеріне тиісті. Міндетті түрде бетперде тағып, антисептик қолданып, ара-қашықтықты сақтайық!
