Сәулет басқармасында өткен дөңгелек үстел отырысы

А.ж. 5 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы Д.Т. Басыгарин мемлекеттік қызметке өту тәртібі, мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тесттілеу бағдарламалары, сонымен қатар мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың мәселелері туралы түсініктеме берді.
Іс-шара өткізілуі барысында қатысушылардың барлық түскен сұрақтарына қанағаттанарлық жауап қайтарылды.
