СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасының кеңесіне қатысуы

Ағымдағы жылдың 4 тамызында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.у.а. Е.Е. Жақслықов СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасымен «Жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметтерінің жұмысы бойынша 2017 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындылары» тақырыбына өткізілген жұмыс кеңесіне қатысты. Кеңеске қатысушыларға а.ж. 1-жартыжылдығында Департаментпен қарастырылған ветеринария саласындағы өтініштер туралы, сонымен қатар, жоспардан тыс өткізілген тексеріс нәтижелерінде анықталған құқықтық коллизиялар бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігімен қабылданған шаралар туралы ақпарат жеткізілді.

Кеңес қорытындысы бойынша ветеринария басқарма басшысының міндетін атқарушыға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді.
Жалпы іс шараға ветеринарлық станциялардың және ветеринария бөлімдерінің 30 қызметкері қатысты.
