Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасында «Парасыз болашаққа! Бірге!» акциясы және қызметін бағалау түсіндіру

2017 жылы 10 шілдеде «Парасыз болашаққа! Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді топ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы маманы А.Е. Сатанов өз сөзінде барлығын жемқорлықтың кез –келген көрінісіне қарсы тұруға белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар, еліміздің болашағы әрқайсысымызға байланысты және де барлығымыз «жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - барлық қоғам, әр азаматтың ісі» екенін түсіну қажеттілігіне баса назар аударды. Семинар қатысушыларына жоғары шенеулерді, мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерін ұстауына байланысты тақырыптық бейнеролликтер көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ахметова А. Ж. жиналғандарды мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау өткізу туралы ережесімен, Үлгілік әдістемесінің негізгі өзгертулерімен, факторно-балдық шкала түсінігімен таныстырды.

Семинар барысында, "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізілетіні атап өтілді.

Семинар қатысушыларына бағалауды жүргізу мерзімі, жеке жоспардың жасау, бағалау парақтарын толтыру тәртібі түсіндірілді. Семинар барысында қойылған барлық сауалдарға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

 
0
0
506

Осы тақырып бойынша

СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасында «Парасыз болашаққа! Бірге!» акциясы және қызметін бағалау түсіндіру - Yvision.kz