СҚО денсаулық сақтау басқармасында «Парасыз болашаққа! Бірге!» акциясы

А.ж. 4 мамыр күні «Парасыз болашаққа! Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді топ СҚО денсаулық сақтау басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтып, аталмыш сұрақта ұжым мүшелерін белсенді азаматтық көзқарасын танытуға шақырды.

Департаменттің бас маманы А.Е. Сатанов өз сөзінде барлығын жемқорлықтың кез –келген көрінісіне қарсы тұруға белсенді қатысуға шақырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының СҚО бойынша Департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева еліміздің болашағы әрқайсысымызға байланысты және де барлығымыз «жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - барлық қоғам, әр азаматтың ісі» екенін түсіну қажеттілігіне баса назар аударды.

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Д.С. Әлдименова өз сөзінде әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу тәртібіндегі өзгерістер туралы айтты.
Ұжым мүшелері жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіруге байланысты сұрақтарын белсенді қойып, барлық сұрақтарына жауап алды.

Кездесу соңында жоғары шенеулерді, мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерін ұстауына байланысты тақырыптық бейнеролликтер көрсетілді.
