СҚО бойынша мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тәртіптік кеңесі төрағасының орынбасары Әділбек Мұқашевтың басшылық етуімен тәртіптік кеңес отырысы өтті.
СҚО бойынша мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тәртіптік кеңесі төрағасының орынбасары Әділбек Мұқашевтың басшылық етуімен тәртіптік кеңес отырысы өтті.
«Айыртау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды. Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбеген бөлім басшысы «Норд жолдары» ЖШС-мен 4 млн. теңге сомасына қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қамту бойынша келісімшарт жасасқан. Осылайша ол заңға қайшы әрекет жасады», - делінген хабарламада.
Істі қарау қорытындысы бойынша, құқық бұзушы лауазымды қызметінен босатылатын болды.
