СҚО бойынша экология департаментінде «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы

2017 жылы 26 шілдеде «Парасыз болашаққа! Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді топ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.
Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Е. Сатанов өз сөзінде барлығын жемқорлықтың кез-келген көрінісіне қарсы тұруға белсенді қатысуға шақырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының СҚО бойынша департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева өз баяндамасында еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты және де барлығымыз жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - барлық қоғам, әр азаматтың ісі екенін түсіну қажеттілігіне баса назар аударды.
Қездесу қатысушыларына жоғары шенеулерді, мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерін ұстауына байланысты тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ахметова А. Ж. жиналғандарды мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу туралы ережесімен, Үлгілік әдістемесінің негізгі өзгертулерімен, факторлы-балдық шкала түсінігімен таныстырды.
Шара барысында, «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізілетіні туралы атап өтілді.
Семинар қатысушыларына бағалауды жүргізу мерзімі, жеке жоспарды жасау, бағалау парақтарын толтыру тәртібі түсіндірілді. Қойылған барлық сауалдарға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
