С.Мүксімов БҚО тұрғындарына қабылдау өткізді
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің негізгі стратегиялық құжаты болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, қоғамның мемлекеттік басқару институтына сенімі, тұрғындардың құқықтық мәдениет деңгейін көтеру мақсатты көрсеткіштері болып белгіленген.
2017 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты департаментінің директоры С.Мүксімов «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде азаматтарға қабылдау жүргізді.
Қоғамдық қабылдау кезіңде Орал қаласының 6 тұрғынына сыбайлас жемқорлық профилактикасы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу кезінде бұзушылыққа жол бермеу, лауазымды тұлғалар тарапынан қызметтік этика нормаларын сақтау бойынша кеңестер берілді.
Мысалы, А.Х.Утегенова өзінің тұрғын үй кезегінен заңсыз алып тастағандығы жөнінде қабылдауға келсе, А.Е.Зайкин мемлекеттік қызметшілердің әрекетсіздігіне шағымданды.
Өтініштердің жартысы өтініш берушілердің келісімімен Департаментте қаралатын болды.
Қалған өтініштер Агенттіктің орталық аппаратында қаралып, сәйкесті орталық мемлекеттік органдарға жолданатын болады.
