Сәлемдеме
Барлығына салем! Жаңадан келушіні қабыл алыңыздар! Мына мектепте оқып жүрген шағымда жазған өлеңімді сендердің назарларына ұсынсам ба деп едім:
Өмір шеңберінде
Мектеп. Сабақ. Үй. Дала.
Мектеп. Сабақ тағы да.
Үйге қайту, талып ұйықтау,
Тағы сабақ, қайта-қайта.
Мектеп. Сабақ. Үй. Дала.
Тағы да келе береді қайталана.
Бұл шеңберде өмірімнің
Бір-ақ қызық, біреу ғана.
Ол – құрдастармен араласу,
Достарменен күліп-ойнау, таласу,
Үй ішімен әзілдесіп шай ішу,
Ойға келгенді тізе беріп, жыр жазу.
Осылай, міне, тарқатып шерімді,
Сүйе бастайм қайтадан бұл өмірді.
Өйткені қызықтың барлығы
Мектеп, сабақ, үйде өтеді.
