С.Қ. Ахметжановтың БҚО-на жұмыс сапары
2018 жылдың 16-17 қазан күндері Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларды түсіндіру мен оларды орындау шараларын пысықтау мақсатында, өңірімізге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжанов келді. Сапар барысында бірқатар мемлекеттік органдардың ұжымдарымен кездесіп, Зеленов және Теректі аудандарында болды. Кездесулерде Елбасының жаңа Жолдауын жүзеге асыру аясында, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру арқылы тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппараттың қызметінде мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту қажеттігі бойынша алда тұрған міндеттер талқыланды.
Сапар аясында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» облыстық филиалының Зеленов аудандық бөліміне барып, аталған объекттердің жұмысымен танысты. Аталған объекттердің қызметтері ең алдымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және электрондық форматта қызмет көрсету үлесінің жоғарылауына елеулі ықпалын тигізетіні айтылды.
Сонымен қатар, С.К.Ахметжанов Зеленов және Теректі аудандарының активімен кездесіп, азаматтарды қабылдау өткізді.
