Үржар ауданында мал шаруашылығына ерекше ден қойылуда
Бүгін Nur Otan партиясынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Марашев Мамырбек Бақтығазыұлы Үржар ауданындағы Үржар, Ақжар және Егінсу ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жұртшылыққа партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, 2025 жылға дейін атқарылатын жұмыстардың жай-күйі сөз етілді. Сонымен қатар азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын да қойып, нақты жауаптар алды.

- Халық табысын арттыру мақсатында жоспар бойынша алдағы 5 жылда аудандағы Ірі қара мал саны 105,7 мыңнан 140 мыңға дейін, жылқы саны 29,5 мыңнан 35 мыңға дейін арттырылып, 950 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары сатып алынады. Туризм де дамытылып, мұқтаж жандарды баспанамен қамту үшін бірқатар шаралар атқарылмақ, - деді Мамырбек Марашев.

Сөз соңында кандидат халықты 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
