Құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық мониторинг қорытындыларын қарады
2020 жылғы 11 қарашада «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқарма басшының Б.Хайруллин қатысуымен БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары қаралды.
Сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бекітілген жоспардың орындалуы туралы БҚО сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысы Б.Сейтқали, БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары К.Досанов, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлімнің басшысы А. Ергалиева есебі тыңдалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Б. Хайруллин осы мәселені бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы тексеру жүргізу кезінде фото және бейне түсірілімді жүзеге асыру, сонымен қатар тиісті бұйрықпен бекітілген субъектіге бару арқылы тексеру жүргізу кезінде нұсқаулықтарды регламенттеуді ұсынды.
Құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жою бойынша шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бақылауында болады.
