Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының іске асырылуы

2018 жылдың 29 қарашада өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақовтың төрағалығымен БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Агенттікпен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру мәселелері сөз етілді.

Өз сөзінде Б.Исақов Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын атап өтті.Әлемде жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға сіңіп қалған қағидалардан арыл­ып, көш басындағы елдермен тереземізді теңеу үшін өзгерістер қажет.

Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.

Агенттік жанынан «Өзгерістерді өзіңнен баста» фронт офисі жасақталып, агенттіктің облыстық департаменттерінде жауапты мамандар бекітілді.

Ендігі кезекте, Әдеп жөніндегі уәкілдер – Өзгерістер агенттері ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру жұмысына кірісетін болады.

Агенттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытына жетекшілік ете отырып, өзгерістердің негізгі агенттері болуы тиіс мемлекеттік қызметшілердің ой-санасын кең ауқымда трансформациялауды жоспарлап отыр.

Мемлекеттік аппаратың жаңа ұйымдастырушылық мәдениеті, бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметкерлер және халық үшін елеулі өзгерістер бұл жұмыстың қорытындысы болады.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметші «XXI ғасырдың міндеттеріне», атап айтқанда, цифрлық сауаттылықты арттыруға, шет тілдерін білуге, заманауи құзіреттерді дамытуға сай болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметтің имиджін жақсарту, меритократия қағидаттарын одан әрі нығайту, мемлекеттік аппараттың сыртқы өзгерістерге бейімделуін арттыру қажет.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани жаңғырудың бағыттарының бірі ұлттық сәйкестілікті сақтау болып табылады.

Жалпы алғанда, жасына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамды шоғырландыратын фактор, біртұтас ұлттың қалыптасуына, патриотизмді жүйелі тәрбиелеуге, салауатты өмір салтының кепілі спорт болып табылады.

Мемлекет дене шынықтыру мен спортты қолдауға ерекше көңіл бөледі. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Спортпен шұғылданатын адамдардың саны артып келеді, бұл халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, тек салауатты, шығармашылық, ерік-жігері бар адамдар ғана елді одан әрі дамыта алады».

Осы үндеуге қолдау ретінде а.ж. 16 маусым күні мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасыларының, сондай-ақ, әртүрлі кәсіп иелерінің қатысуымен жалпыреспубликалық «Алға басу – движение вперед» қайырымдылық жүгірісі өтті.

Аталған жүгірістің басты ерекшелігі – республика бойынша бір уақытта басталуы болып табылады.

Қайырымдылық жүгірісі мемлекеттік қызметшілердің қайырымдылық әлеуметтік жобасы шеңберінде «Қайырымдылық» ерікті қоғамы» Қоғамдық қорымен бірлесе жүзеге асырылды.

Биылғы жылы бұл мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның құрылғанына 20 жыл толуына орайластырылды.

Қайырымдылық марафоны Мәдениет және спорт министрлігінің спорт комитетінің, Ақпарат және байланыс министрлігінің, облыс және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктерінің қолдауымен өтті.

Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтына дағдыландыру ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда емдеуге келмейтін балаларға «ДОМ» қоғамдық қорының «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық жобасы аясында көмектесу.

Жүгірістің әрбір қатысушысы қоғам қайраткері Аружан Саин басқаратын Қоғамдық қорға өз қалауынша қаржы аудара алды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қордың шотына 11 млн. теңгеге жуық қаржы аударылды.

Айта кетейік, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның құрылғанына 20 жыл толуына орай мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен бірқатар ірі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Олардың қатарында «90 мың ағаш» экологиялық іс-шарасы, мемлекеттік қызметшілердің «Challenge «MeirliKyzmet» қайырымдылық іс-шарасының әлеуметтік жобасы, «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы, мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттың әр түрі бойынша спорттық және ашық спорт жарыстары, «Әкем, анам және мен» отбасылық жарысы және мектеп оқушылары арасында «Балалар - елдің болашағы» атты жобасы бар.

0
0
923

Осы тақырып бойынша

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының іске асырылуы - Yvision.kz