Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК өткізілген іс-шара туралы хабарламасы

09 қарашада Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-ның өнер бөлімінде «Оюлар да ой шертеді» атты қолөнер сағаты өтті. Іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балалар мектебінің 6-сынып оқушылары шақырылды.

Ата-бабамыздан келе жатқан, тарихы терең осы өнер дүниесі өзінше бір ғылым десек те болады. Оймен, сөзбен жеткізе алмаған сезімді, табиғат әлемінің жұмбағын бір өрнекке сыйғыза білгеніне қайран қаласың!

Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Тарихи ғылыми деректерге жүгінсек қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз таныр едік. Оқушылар жерлесіміз Шөптібай Байдилдиннің «Қазақ оюлары», «Ұлттық оюлар тарихы» т.б. кітаптарымен  танысты. Іс-шара барысында мақал-мәтелдер жарысы өтіп, ою өрнектердің атаулары сұрақ-жауап арқылы айтылды. Балалар ақын, жазушылардың ою-өнектер туралы өлеңдерін жатқа оқыды.

Кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда 31 кітап қойылды. Балалар кітаптармен қатар қолөнер бұйымдарын да тамашалай алды. Балалар өздеріне ұнаған кітаптарды үйге оқуға алды.

Оқушылар іс-шара соңында  алдағы болатын үйірмеге шақырылды.

https://www.facebook.com/photo.php?fbid=1793594554266649&set=pcb.1793594927599945&type=3&theater

 
0
0
1658

Осы тақырып бойынша