Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Рухани жаңғыру» аясында Жазушылар одағының өкілдері студент жастармен кездесті.

Кездесуге ақын, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы, аудармашы Саят Қамшыгер мен жазушы-драматург, әдебиетші, сыншы, аудармашы Әлібек Байбол қатысты.

Саят мырза өз сөзін башқұрт халқының атаққа шыққан жас жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың «Тастамашы, ана» атты кітабын қазақша тілге аударған еңбегінен бастады.

Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті», «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген екен Ғабит Мүсірепов. Таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі.

Әлібек Байбол қазіргі қоғамда кітаптың алатын орны қандай? Жастар кітап оқиды ма? деген сұрақтарға жастармен бірлесе отырып жауап берді.

Азаннан-кешке дейін әлеуметтік желіде отыратын жастарымыз кітап оқуды мүлде ұмытты. Олар үшін ең қызық, ең құнды нәрсе – әлеуметтік желі. Жастарымыздың кітап оқымауына бірден-бір себеп – жаһандану заманындағы әлеуметтік желілер екені рас. «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге», деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай, ерінбей білім алуға асығайық.

Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық!

0
0
233

Осы тақырып бойынша

«Рухани жаңғыру» аясында Жазушылар одағының өкілдері студент жастармен кездесті. - Yvision.kz