Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Рухани жаңғырту: Құмай археологиялық кешенінде этнопарк салынады

Ақмола облысында орналасқан  Құмай мәдени ескерткіштер кешенінің 4000 жылдық тарихы бар. Ол жерде ұлттық және халықаралық туризмнің бір бөлігіне айналатын этнопарк құру жоспарланып отыр.

Археологиялық-этнографиялық «Құмай» кешені Астанадан 120 шақырым жерде орналасқан. Туған жер Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Құмай» этнопаркін жасау жоспарлануда, авторларының айтуынша, бұл парк ұлттық қана емес, халықаралық туризм объектісі болады. Құмай өзенінің аңғарының мәдени мұрасын зерделеу жобасын және этнопарктің жасау жобасын оның жетекшісі, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, түрколог Айман Досымбаева аудан әкімінің Ерейментау облысына жасаған жұмыс сапары барысында таныстырды.

«Құмай паркінде Ландшафт археологиялық және этнографиялық жасау, оның қонақтарына Қазақстан аумағындағы  ежелгі және ортағасырлық мәдени мұраны ұсынуға мүмкіндік береді», - деді А.Досымбаева.

Сонымен қатар, «Құмай» кешені аумағында археологтар төрт мыңжылдық тарихы бар жаңа ескерткіштердің тұтас сериясын тапты.

«Бұл Қазақстан аумағындағы жалғыз көптармақты мәдени кешен, оның құрамына қола дәуірінің, ерте темір дәуірінің ескерткіштері, ғұн және түркі классикалық және этнографиялық даму кезеңдері кіреді», -деді ЕҰУ профессоры.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайында болды. Мәлік Мырзалин «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оны жаңартуды тапсырды.

Ақмола облысында ұлттың рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жалпы 50-ге жуық жоба әзірленді. Оларды іске асыру үшін Мемлекеттік қазынадан 3 миллиард 200 млннан астам қаражат бөлінді. Сонымен қатар, өңірде құрамында 6 топ жұмыс істейтін арнайы коммисия құрылды. Бүгінгі күні ол топпен 6 жоба бекітілген.

Ерейментау ауданында жұмыс сапарымен болған аудан әкімі біраз өндіріс орындарында болды. Новомарковка ауылында «Жаңа Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс жұмыстарымен танысты, мұнда ет өнімдері жасалады. Сонымен қатар, осы өндіріс орны бағдарлама аясында жұзеге асырылған Астанадағы ең ірі сауда кешені. 3 мың бас малды бордақылауға орын және 5 мың тонна ет өнімдерін жасауға кешен бар. Шаруа экономика атқарушы директоры Жандос Хасенов компания Астана қаласында, сонымен қатар, экспорт үшін ғана емес, өз өнімдерін жеткізуге әлеуетке ие екенін атап өтті.

«Жақында бізде Қытай делегациясы болды, олар тікелей біздің өнімдерді сатып алуға ниет білдірді. Сондықтан біз экспортқа бағдарланғанбыз», - деп кәсіпкер ойымен бөлісті.

Farm «Хамза» - астананың тұрғындарын экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылған, Президенттің бағдарлмасы аясында құрылған тағы бір жоба. Басқару негізінде сүт өңдеудің толық циклі қамтамасыз етілетін ірі қара мал 400 басын ұстау жоспарлануда, сүт фермасы ашу да жоспарлап отыр.

«Бүгін біз Германиядан 132 симменталь породасындағы бұзау алып келдік, 3-4 жылдың ішінде сауынды сиыр саны 400-ге жететін болады»,-деп шаруаыщылық қызметкерлері Малик Мурзалин мырзаға уәде берді.

Өңір басшысы сонымен қатар, «KazArms»жауапкершілігі шектеулі серіктетігінде де болды, бұл кәсіпорында қорғаныс каскалары жасалады.  «Ерейментау Су-Арнасы» коммуналдық өндіріс орнында, 60-пәтерлі тұрғын үй құрылыс орнында болды, сонымен қатар, Қазақстанда алғашқы жел электр зауытының жұмысымен танысты. 45 мегаватт қуаты бар оның 22 жел турбиналары, жұмыс ортасы үшін мүлдем қауіпсіз болып табылады. Бұл жоба баламалы және жаңартылатын энергия көздері есебінен елдегі жалпы энергия тұтынуды қамтамасыз етудегі Ел басы жолдауын жүзеге асырудағы жоба.

Жалпы Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 11 жобаның тұсауы кесілді. Көкшетау Мемлекеттік Университетінде өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар турасындағы семинарда 50-ге тарта жоба ұсынылып, 11-і таныстырылды. Бұл жиынға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мусралиева қатысты.

Қазақстан Халықтар Ассамблеясы Хатшылығының Ақмола облысындағы меңгерушісі М. Жакупова өзінің «Қазақстандағы 100 жаңа бейнеге» қатысты баяндамасында осы өңірден жас ұрпаққа тамаша үлгі болатын көптеген замандастарының шыққанын атап өтті.

Ашық аспан астындағы «Құмай» этно паркі үлкен қызығушылық туғызды – ежелгі және ортағасырлық мәдени мұраны модельдері. Жоғарыда айтып өткенімдей, Ерейментау ауданында әртүрлі дәуірге жататын көптеген мәдени ескерткіштер бар, олардың арасынан қола дәуірінен ерте ортағасырлық кезеңге дейінгі ескерткіштерді кездестіре аласыз. Бұл ескерткіштер сол дәуірлердегі наным-сенім, ұстаным, дәстур, мәдениет туралы сыр шертеді. Сол заманда ғұмыр кешкен адамдардың тұрмыстық заттарын кездестіруге болады.

Мамандар советіні басшысы, Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің ректоры А. Абжаппаров өз сөзінде Ақмола жері мәдени-тарихи мұраға бай екенін атап өтті. Және біздің бір міндетіміз сол мұраны ұрпағымызға жеткізу, ата-баба тарихын ұмытпау екенін де айтты. Жас ұрпақ өскен елінің, туған жерінің тарихын білуі керек, сыйлауы керек, өз ұрпағына жеткізуі қажет.

«Kinder teatr» Балалар тәжірибелік орталығы жақсы қабылданды. Бұл жоба аясында «Детский театр на колесах», «Одинаковыми быть нам не обязательно» сияқты шараларды енгізілген, осы жобалар аясында 1 жастан бастап балалар мен олардың ата-аналарына арналған интерактивті театр өнері инклюзивті құралы арқылы әлеуметтік бейімдеу жұмысы жүргізіледі.

Шараның басты мақсаты «рухани жаңғыру» бағдары кең ауқымды, негізгі мағынасы ұлттық және адамгершілік құндылықтарды сақтау болып табылатын идеясын тарату болып табылды.

Еліміз жаңа дәуірге аяқ басты. Сол жаңа дәуірде тарихымызды бағалап, білуіміз, әрдайым есте сақтап, ұрпағымызды сауатты етіп тәрбиелеу еліміздің болашағы үшін егілетін ең пайдалы дән. «Рухани жаңғыру» идеясы – бәсекелестілікке қабілеттілік, қанымызға сіңген жағымсыз дағдылардан арылу, ұлттық бірегейлікті сақтау, елімізді білімді азаматтар мен азаматшалар елі ету, еліміздің жан-жақты дамуы, әрбір азаматтың санасының ашықтығы. Осы идеяны тарату, түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

 
0
0
2586

Осы тақырып бойынша

Рухани жаңғырту: Құмай археологиялық кешенінде этнопарк салынады - Yvision.kz