РУ-170/1 мекемесіндегі кездесу
2019 жылдың 04 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері ҚР ІІМ Қылмыстық- Атқару Жүйесі Комитетінің «РУ-170/1 мекемесі» РММ ұжымымен кездесу өткізді.
Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
#adaldykalany #адалдық_алаңы
