Ұрпақтар сабақтастығының маңызы ерекше
Бүгін Екібастұзда жас партияластар мен партия ардагерлерінің қатысуымен «Ұрпақтар кездесуі» тақырыптық кеші өтті. Ақсақалдар Nur Otan партиясының тарихы мен қалыптасуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті.
- Ұрпақтар сабақтастығының маңызы ерекше, — деді Jas Otan жастар қанатының төрағасы Геннадий Арсютин. — Ардагерлер өздерінің білімдерімен, өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі. Бұндай кездесулерді біз жиі ұйымдастырып тұруға тырысамыз. Өйткені біздің ардагерлер мен тәлімгерлер білгенімен бөлісіп, жастарға кеңес беруге әркезде де дайын. Біз де олардың ақылын ұйып тыңдап, сабақ алуға асықпыз.
