“Ұрпақтар сабақтастығы” атты Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өтті
Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен - “Ұрпақтар сабақтастығы” атты Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.
Ұрпақтар сабақтастығы бұл– ғасырлар бойы ата-бабамыз бен бүгінгі баланың арасын, аға буын мен жас ұрпақтың өзара байланысын жалғастырып келе жатқан өріс жібі. Бір тіні үзілсе, үлкен мәселелердің туындауына әкеліп соғуы мүмкін. Ұрпақ тәрбиесіне отбасында ғана емес, қоршаған ортада, қоғамда да аса көңіл бөліп, сөзден алшақ, көңілден жырақ, көзден таса ұстауға болмайды. Жас шыбықты қалай исең, солай майысып, қисық қалыптасады. Мектеп өміріне зейнеткерлер, қарт ата-әжелер тартылып, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастыру, адами құндылықтарға баулу, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» ұстанымымен өзара қарым-қатынасты жандандыру. Оқушылар өз кезегінде қариялардың ғұмырнамаларымен танысып, олардың өмірлік тәжірибелерін, қызығы мен қуаныштарын, көңілге түйген ой-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік алды. Әйтей ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Нұрсұлтан Аружанмен Еңбекші орта мектеп мұғалімімен Арыкова Гулдан және 8 сынып оқушылармен “Ұрпақтар сабақтастығы” атты онлайн кездесу өтті.
