"Ұрпақтар сабақтастығы" акциясы аясында кездесуі өтті
Кездесуге Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Шәріпов, партия ардагерлері Еңбек Ері, Алматы қаласының құрметті тұрғыны, Медеу аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі А. Миразова және Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, "Ахыска" түрік этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Қ. Қасымов қатысты.

Партия ардагерлері өздерінің өмірлік оқиғаларымен бөлісіп, маңызды құндылықтар туралы айтып, жастарға құнды кеңестер берді. Аягүл Төреқызы-Еңбек Ері, Алматы қаласының Құрметті азаматы. Аягүл Төреқызы жан сұлулығы мен жылуы, даналығы мен сарқылмас энергиясы жаңа педагогикалық идеялардың, қызықты және ерекше ойлардың қайнар көзі", - деп атап өтті партияның Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Шәріпов. "Белсенді жастар-Қазақстанның болашағы. Кездесу диалог форматында өткені жақсы әсер қалдырды. Кездесу жылы және достық атмосферада өтті. Қазіргі жастар үшін қуаныштымын және мақтанамын", - Қ.Қасымов деп атап кетті . Кездесу соңында А.Миразова жастарға батасын беріп, олардың барлық бастамаларына сәттілік тіледі.

Айта кетейік," Ұрпақтар сабақтастығы " жобасы жастарды өңірдің қоғам қайраткерлерінің жетістіктерімен таныстыруға және патриотизмді дамытуға бағытталған.
