Рысбай Исамутдин Наштайұлы жастармен кездесуде біраз жастарға тәрибелік мәні бар «ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында әңгіме шеррті. Жалпы жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі бүгінгі күні маңызды болып отыр. Себебі жастарға тәрбиелік мәні бар, патриоттылық бағытында, адамгершілік бағыттары, салт – дәстүр мен ұлттық құндылықтар тақырыбында әңгіме айтылуы сиреп барады. Оның үстіне қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіз оқиғалар жастардың қатысуымен жүріп жатыр. Кейбір ата – ананың балаға көңіл бөлетін уақыттары да жетпей жатады. Бұндай кездесулер тәрбиелік тақырыпты ғана қозғамай, белгілі тұлғаны да жастарға танытады, тәжірибе береді деп өз әңгімесін жалғасрыды.
Шымкент қаласы жастар орталығы мен «Jas Otan» жастар қанатының қатысуымен өткен кездесуге 30 ға жуық жастар қатысып, еркін сұхбат алаңы болды. Исамутдин Наштайұлы біраз жылдар бойы ардагерлер кеңесін басқарып келеді. Жастармен кездесуде ол өзінің еңбек жолдарымен, тәжірибелерімен бөлісті. Жастарға өлке тарихынан, ұлт тәрбиесінен, салт – дәстүрден мағыналы әңгімелерін жеткізді. Одан бөлек жастардан қойылған қоғамдағы кемшіліктер, бала тәрбиесіндегі жетіспеушіліктер, дәстүрдің дамымай жатқан тұстары туралы сұрақтарға, өз пікірін, кеңесін шынайы әңгімеледі. Жастар неден қателеспеу керек, қандай бағытқа басымдылық берген дұрыс екенін де тілге тиек етті. 1 сағаттан аса болған кездесуге қатысушылар жақсы баға беріп осындай аға буын өкілдерімен жиі кездесу ұйымдастырлып отса деген ұсыныстарында айтып өтті.