«Ұрпақтар ұлағаты»

2015 жылдың 26 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ұрпақтар ұлағаты» атты кездесу өтті.
Мақсаты – өскелең ұрпақты бойында рухани құндылықтар қалыптастыру мен Отанды сүюге тәрбиелеу.
Кездесуге еңбек ардагері, Ақжайық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Ә.Кереев шақырылды. Ол өзінің еңбек жолын айта келіп, қазіргі таңдағы тәрбие мәселесіне тоқталды. Арнайы дайындалған слайдта ардагердің өміріндегі қызықты және маңызды сәттерінің фотосуреттері көрсетілді.
Шара барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» міндеттері, патриотизм, еңбекке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу сұрақтары талқыланды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөнінде ардагердің пікірі тыңдалды.
Кездесуге қатысушылар шараны қорытындылай келе, тәрбиені ерте жастан бастау керек деген ұйғарымға келді, өйткені патриотизм, гуманизм және заңды құрметтеу рухында тәрбиеленген адам заңды ешуақытта бұзбайды.


