Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұрпақтар кездесуі

Бүгін «Nur Otan» партиясының Екібастұз қалалық филиалы онлайн форматта «Ұрпақтар кездесуі» тақырыптық кешін өткізді. Жиынға жас партияластар, партия ардагерлері, Екібастұз қаласының жас ғалымдары мен спортшыларының өкілдері қатысты.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Замандас» ұзақ өмір сүру орталығының жетекшісі Самат Жайынұлы Рамазанов және оның пікірлестері жастарға партияға қалай мүше болғандары және партиялық жолдарының қалыптасуы туралы әңгімеледі.

С.Ж.Рамазанов Ұлт Көшбасшысы, Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуінің жарқын сәттерімен бөлісті.

Жас партияластар ардагерлерге партияның қызметі және қалыптасу тарихы туралы сұрақтарын қойды.

Тақырыптық кездесудің соңында шараға қатысушылар партия ардагерлеріне алғыстарын білдіріп, жиынның басты мақсаты — ұрпақтар сабақтастығының маңызы мен тағылымды тәжірибемен алмасу екенін атап өтті.

«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының баспасөз қызметі

0
0
122

Осы тақырып бойынша

Ұрпақтар кездесуі - Yvision.kz