«Royal Club Fitness & SPA» спорт кешенінің ұжымымен кездесу.
Кездесуде Партияның Шымкент қаласы бойынша бағдарламасында белгіленген 10 негізгі бағыт бойынша 5 жылда атқарылар жұмыстардың жоспарымен таныстырды.
«Nur Otan» партиясы алдағы бес жылдықта жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салатындығын, аймақта инвестиция көлемі 20 млрд теңгені, ал аумағы 306 гектарды құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағының іске қосылатындығын, 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тарта отырып, кемінде 15 жобаның жүзеге асырылатындығын, сондай-ақ жаңадан химиялық, металлургиялық зауыттар, тігін-тоқыма фабрикаларының, аумағы 136 гектар құрайтын «Агроиндустриалды аймақтың» құрылатындығын, 89 гектар аумаққа (жылына шамамен 15-20 гектарға) өндірістік жылыжай салынатындығын, аумағы 92 га құрайтын көлік-логистикалық аймақтың құрылатындығын жеткіздім. Жүргізілген осындай жұмыстардың есебінен 80 мың тұрақты жаңа жұмыс орны ашылатындығын, соның арқасында жұмыссыздық деңгейі алдағы 5 жылдықта 4,9 пайызға дейін төмендейтіндігін баяндап берді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдауларға, халықты таза ауыз сумен, кәріз жүйелерімен, газбен, электр энергиясымен барынша қамтамасыз ету тұрғысындағы Партия жоспарларына да тоқтады.
Еңбек ұжымы атқарылар жұмыстардың халықтың игілігіне бағытталып отырғанын айтып, 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.
«Nur Otan»: Бюллетенде екінші! Өмірде бірінші!»
