Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Робот Займер” сервисі: ең жиі кездесетін клиенттер — Александр мен Әйгерім

Робот Займер» онлайн-қарыздар сервисі қарыз алушылардың сауалнамаларында неғұрлым жиі кездесетін ер және әйел есімдерін анықтады. Зерттеуге сәйкес, микроқарыздар алуға Александр есімді ер адамдар мен Әйгерім есімді әйелдер басқаларына қарағанда көбірек жүгінеді.

Сервистің мамандары онлайн-қарыз алушылардың 100 мың сауалнамаларына талдау жасады және келесідей ер адамдар есімдері ең көп кездесетіндігін анықтады: Александр (барлық қарыз алушылардың 6,4%-ы), Сергей (4,3%), Азамат (4,2%) және Наурызбек (4,0%). Әйелдер есімдерінің арасында Әйгерім (4,6%), Юлия (4,5%), Анастасия (4,2%) және Дильназ (4,2%) ең көп таралған.

Аналитиктер қарыз бойынша төлемдер мерзімінің өтуіне жол беретін қарыз алушылар санаттарында Александр, Әйгерім және Анастасия есімді адамдар көш бастап тұр деп көрсетті. Сонымен қатар, Александрлар өздерінің шарттық міндеттемелерін бәрінен де жақсы орындайтын қарыз алушылар есімдерінің тізімін бастап тұр. Дильназ, Наурызбек және Сергей де өздерін адал ниетті қарыз алушылар ретінде көрсетті.

«Төлем тәртібі қарыз алушының есіміне тәуелді емес», - «Робот Займер» онлайн-қарыздары сервисінің мамандары түсініктеме жасады. – Оған дәлел – Александр есімінің адал ниетті клиенттер тобындағы да, борышкерлер тобындағы да көшбасшылық орындары. Қарыз алушы ер адамдар ішінде Александрлар жиі кездеседі, біздің клиенттеріміздің ішінде ер адамдар үлесінің басым болуы шешуші рөл атқарды».

Жанымсол, Адам және Эдвин, сондай-ақ, Дениза, Ассоль және Таисия сервис қарыз алушыларының неғұрлым сирек кездесетін есімдері болды.

   
0
0
453

Осы тақырып бойынша