Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті жерлестер!Қадірменді мақтааралдықтар!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2020 жыл біз үшін оңай жыл болмады – жаһандық пандемия жағадан алып, Сардобаның суы босағамыздан төрімізге шықты. Мақтааралдықтардың басына түскен нәубетті татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасқан елімізде өздеріңізбен біргелікте еңсеріп келеміз. Осы ымырашылдық бізге кез-келген қиындықты жеңуге септігін тигізуде. Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке, бақыт пен шаттыққа кенеле берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!

Құрметпен,

КЕНЖЕБАЕВ Сүндет Қахраманұлы

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер

0
0
129

Осы тақырып бойынша

Құрметті жерлестер!Қадірменді мақтааралдықтар! - Yvision.kz