Құрметті жерлестер, қадірлі достар!
Құрметті жерлестер, қадірлі достар!
Өздеріңіз куә болғандай Елбасы, Ұлт көшбасшысы, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен өткізілген «Nur Otan» партиясының үш айға созылған партияішілік праймеризі өз мәресіне жетті.
Бұл үш ай праймеризге қатысушы үміткерлері үшін де, партия мүшелері үшін де, басшылығы мен қызметкерлері үшін де, жалпы ел үшін де үміт пен күдікке толы болғаны сөзсіз. Осындай ауқымды бастаманы өткізу оңайға соқпағаны анық. Соған қарамастан «Nur Otan» партиясы алға қойған мақсатын абыроймен орындап шықты.
Алдағы Парламент сайлауына партия жүйелі жаңғырудан өтіп, өз қатарын жаңа мүшелермен толықтырып, жаңа бағдарламалар әзірлеп, ерекше серпінмен барады.
Ал, болашақ жаңа Парламентті өте күрделі кезеңде жұмыс жасау күтіп тұр. Әлемді дүр сілкіндірген індет әкелген дағдарыс бүкіл дүниедегі экономикалық проблемаларды ушықтырып жібергені баршаға аян. Осы орайда, біздің еліміз де жоспарланған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайтын болады. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының мүдделерін қорғау, жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және т.б. мәселелер мемлекетіміз үшін басым бағыттардың бірі болып қала беруі сөзсіз.
Алдағы Парламент мінберінде өз туған елім мен жерімнің мүддесін қорғау менің басты мақсатым болады деп есептеймін.
