Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Әлемді әбігерге салған короновирус індетінің әлі де толастамай тұрғаны бәрімізге мәлім. Бұл індет жаһандық экономикаға да кері әсерін тигізбей қоймайды. Сіз бен біздің жауапкершілігіміз осындайда сыналады, «Сақтансаң сақтармын» дегендей әлемде тарап жатқан осынау аты жаман індетке бей-жәй қарамай сақтық шараларын сақтауыңызды сұраймын. Өздеріңізге белгілі індетке байланысты елімізде барлық шараларға тоқтау қойылды. Сол сияқты отбасылық той-томалақтарды да осы індет жойылғанша тоқтата тұруларыңызды қаперлеріңізге беремін. Денсаулық сақтау министірлігінің ұсынған профилактикалық шараларды сақтауға шақырамын. Босқа дүрлікпей, өзімізді сабырлы ұстап, жұдырықтай жұмыла отырып, аты жаман індеттің кеңінен таралуына жол бермейік ағайын. Отбастарыңызға амандық денсаулық тілеймін.

Құрметпен, «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филалы төрағасының бірінші орынбасары М.Дощанов.

0
0
143

Осы тақырып бойынша

Құрметті жерлестер!!! - Yvision.kz