Құрметті жеодестер!
Баршаңызды ең ұлы, қастерлі мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күннің әрбір қазақстандық үшін маңызы зор. Тәуелсіздік күні – ұлттық бірліктің және елдің, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің нышаны.
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген де сарабдал саясатының арқасында еліміз даму мен өркендеудің даңғыл жолына шықты.
Мерейлі мереке ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын ! Еліміздің дамуы мен өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз !
