Құрметті сайлаушылар, аудан тұрғындары...
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттары сайлауының үгіт-насихат науқанының соңғы күні. Үгіт-насихат жұмыстары, өздеріңіз білетіндей, 11 желтоқсан күні басталған болатын. Осы уақыт аралығында "Nur Otan" партиясының Түпқараған аудандық филиалы аудан бойынша түрлі акциялар мен кездесулерді ұйымдастырып, халықпен бетпе-бет кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Өткізілген шараларды атап айтар болсақ: мәселен, "Есіктен есікке" акциясы 23 мәрте өткізілді. "Канвассинг" акциясы 7 мәрте және сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында 20 тікелей эфир өтіп, "Үміткерге сұрақ қой" жобасы 3 рет ұйымдастырылды. Одан бөлек, үгіт-насихат кездесулері 9 рет өткізіліп, оның 2-уі онлайн форматта ұйымдастырылды. Әр жобада да біз халықпен жақын болуға, олардың пікірлерін ескеріп, үніне құлақ асуға тырыстық. Өйткені, қай жобамыздың да басты мақсаты, көздеген межесі осы еді.
Құрметті сайлаушылар!
Бірер күннен соң тарих құшағына енетін маңызды күнді қарсы аламыз. Біздің жасаған таңдауымыз, берген дауысымыз мемлекетіміз үшін аса маңызды!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
"Nur Otan": Бюллетенде екінші! Өмірде бірінші!"
NurOtan-ғадауысбер
#NurOtan
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021
