Құрметті партияластар, қадірменді сайлаушылар!
Осы мерзім аралығында Түпқараған аудандық филиалы, сайлауалды штабтың жұмысын жүйелеп, еріктілер құрамын жасақтап, аудандық маслихатқа үміткерлердің насихат жоспарларын құрып, партия жақтастарымен бірлескен шараларды өткізуде.
Басты мақсат – партияның сайлауалды бағдарламасын өңіріміздің әр тұрғынына жеткізу, түсіндіру, бірлесіп атқаруға шақыру.
Осы тұрғыда Партиямыздың аудандық филиалының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен таныстыруды жалғастырамыз.
1.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ АУДАН
📷«Nur Otan» партиясының негізгі бағыты тұрақты экономикалық даму мен тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру болып табылады.
Жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттырамыз.
📷Алдағы перспективада ауданды дамытуда өңдеу өнеркәсібіне, көлік пен логистикаға, агроөнеркәсіптік кешен мен туризмге, тау-кен өнеркәсібін одан әрі дамытуға негізгі екпін түсірілетін болады.
Ол үшін, «Nur Otan» партиясы:
📷Жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындарының жұмыс істеуі және оларды кеңейту арқылы мұнай өндіру көлемін жыл сайын сақтауды қамтамасыз етуге.
📷2020 жылдың аяғынан бастап «Тоталь Е энд П Дунга Гмбх» компаниясымен Дунга кен орнында «Дунга фаза 3» жобасын іске асыруға.
📷Таушық ауылынан шебін карьерін (қуаты тәулігіне 400 тонна) жобасын іске асыруды;
📷Тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеміз
«Nur Otan» партиясы тұрақты жұмыс орындарының санын арттыруға ұмтылатын болады.
Ол үшін, «Nur Otan» партиясы:
📷Ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдайды.
📷Ауданда 5 жыл ішінде жаңа инвестициялық жобалар есебінен орта есеппен жыл сайын 1,5 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.
📷Еңбек нарығының қажеттіліктерін есепке ала отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға ұмтылатын болады.
📷Басқа өңірлерден білікті кадрларды тартуға жәрдемдесетін болады.
📷Әлеуметтік саладағы (білім беру, денсаулық сақтау) кадрлар тапшылығының проблемасын шешуге шаралар қабылдауға қол жеткізеді.
Жалпы осы кешенді шаралар 5 жыл ішінде, инвестициялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы 8 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
#NurOtan
#nurotan_tupkaragan
