Құрметті партияластар, қадірлі сайлаушылар!
📷Көлік-логистикалық әлеуетті күшейтеміз
Баутин теңіз жағалауында орналасқан ірі компаниялардың «HKOK», «Теңіз Сервис» және «Балықшы» ЖШС-тің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, теңіз транспорттық-логистиканы және аудан өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттырамыз.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы ықпал етеді:
📷2021 жылы Баутин аймағында жүк түсіру, тасымалдау жобасын іске асыруға;
📷2021 жылы «Тоталь К энд П Дунга Гмбх» компаниясының Доңға
3 кезең кеңейту жобасының басталуына;
📷2021 жылы Қаражанбас кен орнына тәулігіне 17 000 текше метр су тұщыту зауытын іске қосуға;
📷2021-2025 жыл аралығында қолданыстағы 5 кен орындарының (Дунга, Қаражанбас, Физтех, Бозашы, Жалғызтөбе) қалыпты жұмыс жасауларын қамтамасыз етуге;
📷2023 жылы Бозашы кен орнынан жаңа 200 мұнай өндіру ұнғымаларын бұрғылау арқылы, аудан бойынша мұнай көлемін 5%-ға арттыруға;
📷Форт-Шевченко және Баутин ауыл арасында қоғамдық көлік жүргізуге, аялдамалар салу;
📷Төтенше жағдайға дайын болу мақсатында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында тауарлардың бағасына мониторинг жасау және т.б.;
📷Пандемияға қарсы тұру шараларын іске асыра отырып, агроөнеркәсіп кешені, шағын және орта бизнес саласының бетпе – бет келген мәселелерін ескеріп, алдағы уақытта қандай бағыттардың инвестиция тарту, даму үшін тартымдылығын айқындау.
📷Бұл шаралар, нәтижесінде, 2025 жылға қарай Баутин теңіз сауда портының жылдық жүк тасымалын 5,8 мың тоннадан 14,1 мың тоннаға дейін ұлғайтады.
Ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласын дамытамыз.
Коронавирус пандемиясы жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты толықтыру мәселелері ерекше өзекті. «Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және ауыл шаруаларды барынша қолдауды міндет етіп қоюда.
Сондықтан ауданда жаңа ілгерінді технологияларды енгізу, өндірісті әртараптандыру мен жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жұмысы жалғасады.
Ол үшін, біз:
📷Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржы институттары арқылы мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге (жеңілдікті кредиттеу және микрокредиттеу, келісімшарттық қаржыландыру механизмі, ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін техника, жабдық лизингі);
📷2020 жылға қуаттылығы жылына 5000 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысын іске қосу;
📷2021 – 2025 жылдар аралығында гидропоника тәсілімен Сайын Шапағатов селолық округінен 2,0 га жылыжай кешенін көкөніс өнімдерін алу, Ақшұқыр ауылынан 1,1 га жылыжай кешенін іске асыру көкөніс өнімдерін алу;
📷2021-2025 жылдар аралығында аудан бойынша 1,7 га жерге 3 жылыжай орнату.
📷2025 жылы Түпқараған ауданы аумағында жалпы аумағы 25 га Аграрлық аймақты іске асыру;
📷2025 жылға дейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ауылшаруашылық бойынша 10 жобаны іске асыруды жүргіземіз.
📷Бұл шаралар 60-қа жуық ауыл шаруашылықты кешенді қолдау шараларымен қамтуға мүмкіндік береді.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
#NurOtan
#nurotan_tupkaragan
