Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті партияластар!

Құрметті партияластар!

«NurOtan» партиясы өзекті мәселелерді шешу және жаңашыл бастамаларды жүзеге асыру бойынша праймеризді өткізуді қолға алған еді. 17 тамыз-3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясының праймеризді өткізу ережесінің 12 тармағына сәйкес праймериз өткізілді. Праймериздің мақсаты - Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау, «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидаты бойынша нақты әрі мықты лидерлерді анықтау және тарту, жүйелі өңірлік партиялық саясатты қалыптастыру үшін өзекті әрі нақты жергілікті проблемаларды анықтау, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру және оларды партиялық қызметке тарту болды. Іле ауданы бойынша тіркелген 78 кандидат арасында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында көрсетілген басым міндеттерді жүзеге асыру жолында халықтың әл-ауқатын жақсарту, ауылдың өсіп-өркендеуі үшін әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру, аудандағы өзекті мәселелерді анықтау, шешу жолдарын бірлесе шешуге атсалысу бойынша өзара пікір алмасу, жария пікірсайыстар, БПҰ-дағы партия мүшелерімен онлайн-кездесулер ұйымдастырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 1-3 қазан күндері партия мүшелері кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Бәріміздің мүддеміз бір, мақсатымыз ортақ. Сондықтан да бірлесе отырып, еліміздің көркейіп, дамуына өз үлесімізді қосайық. Еліміздің өркендеу, даму жолында жеңіске бірге жете берейік!

0
0
189

Осы тақырып бойынша

Құрметті партияластар! - Yvision.kz