ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

ҚҰРМЕТТІ ПАРТИЯЛАСТАР! 14 наурыз "Көрісу күні" құтты болсын !

Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-қолаңдар бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күнінде бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көршілер бір-бірін шеке асына шақырьш, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені "Көрісу" салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып,деннің саулығын,отбасыларыңыздың амандығын тілейміз!Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын !

"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы