Құрметті Отырарлықтар! Қадірлі жерлестер!
Сіздерді мерейлі де мәртебелі мейрам – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан күн. Сондықтан бұл мереке қасиетті де қастерлі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесінде аз уақыттың ішінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуеті қарышты қарқынмен дамып, халықтың тұрмыс-тіршілігі айтарлықтай жақсарып, әлемнің маңдайалды мемлекеттері тәуелсіз Қазақстанмен тығыз әрі ынтымақты қарым-қатынас пен баянды байланыс қалыптастырып үлгерді. Егемен еліміздің дүние жүзі қауымдастығы алдында абыройы асқақ, беделі биік.
Тәуелсіздік - ғасырлар бойы азаттықты аңсаған біздің еліміз үшін орны бөлек мереке. Осыдан жиырма тоғыз жыл бұрын Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендігін енді алған халқын асқаралы да сындарлы белестерге батыл бастады. Көшбасшысын қапысыз таңдаған туған елі енді бүгін әлемдік қауымдастықтың бел ортасындағы беделді мемлекет болып танылды. Өркениет жолында талай өрелі іс тындырған Қазақстан татулық пен бірліктің, береке мен ырыс-құттың ордасына айналды. Бүгінгі мемлекетіміз - ішкі-сыртқы саяси-экономикалық тұрақтылық пен мәдени-рухани өрлеуден үдемелі даму жолына түскен ел.
Ардақты ағайын!
Ертеңі нұрлы егемен еліміз гүлдене берсін! Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр және сәулетті тұрмыс тілеймін! Мереке құтты болсын!
А.Құрман,
«Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
