Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті Отансүгіш Бауырлар!Халыққа қолдау көрсетуге дайын болайық!

Яғни, жердің, елдің тұтастығын сақтап, жақсы өмір сүру үшін бірліктің қажет екенін бабларымыз екі ауыз сөзбен жеткізген.

Жақсы өмір дегеніміз не?!

Қазіргі заман өлшемімен бағаласақ, халыққа мемлекет тарапынан Дания, Финляндия, Голландия, Швейцария мемлекеттеріндегідей жағдай жасалынуы қажет.

Ал, бұл мемлекеттер жер көлемі жағынан әрқайсысы Қазақстанның бір облысындай да болмайды. Оның үстіне, бұл мемлекеттерде Голландиядан басқаларында қазба байлықтары да жоқ.

Өкінішке орай, Қазақстан сияқты асты-үсті байлыққа толы мемлекетте халық, Шерхан Мұртаза ағамыздың сөзімен айтқанда, неге алтын сандықтың үстінде жалаңбұт отыр?!

Мақсаты мемлекет қазынасын талан-таражға салуға бағытталған билік, халыққа да, мемлекетке де ешқандай жақсылық жасамайтынын 29 жылдық «тәуелсіздік» тәжірибесі көрсетті.

Қалыптасқан жағдайда не істеу керек?!

Ол үшін, біріншіден, мемлекет, биліктегілердің емес, халықтың қамқоры болуы керек. Бұл - мемлекеттік басқару жүйесін демократиландыру арқылы ғана іске асады.

29 жыл бойы мемлекет байлығын атасынан қалған мұрадай иемденіп келген билік өз еркімен демократиялық жүйеге көше ме? Жоқ.

Мемлекеттің басқару жүйесін демократияландырудың қандай жолдары бар? Олар – революциялық және эволюциялық.

Мемлекеттің саяси жүйесін революциялық жолмен демократияландыру – ол күні өткен саяси жүйені күшпен жойып, билікті озық таптың қолына беру. Яғни, төңкеріс жасау. Төңкеріс жасау арқылы мемлекеттік жүйені ауыстыру, халыққа да, мемлекетке де үлкен ауыртпашылық әкелетінін Украина, Қырғызстан тәжрибелері көрсетті.

Оның үстіне, төңкерістің нәтижесін халықты биліктің қанды уысына айдап салып отырған билікқұмар топтардың жеңіл иемденіп кететінін де, билікке жеткен соң олардың халықты бұрынғы биліктен де артық қанайтынын да Украина, Қырғыстан тәжрибелері көрсетті.

Халық үшін де, мемлекет үшін де ең қауіптісі, жанымыздағы «үлкен досымыз» Ресейге де керегі, Қазақстан халқының арасына іріткі салып, Украинадағындай жерімізді тоз-тоз қылып басып алу. Бұл жағдайда ең үлкен қырғынға ұшырайтын, жерлестеріміз - қазақстандық орыстар. Өкінішке орай, өз мақсатына жету үшін қазақстандық орыстар түгел қырылып қалса да Путиннің басы аурмайды. Оның мақсаты Қазақстан жерін Ресейге қосу. Оның дәлелі, жақында Ресей конституциясына кіргізілген өзгерсітер бойынша мемлекеттік думаның келісімінсіз Путин көрші мемлекеттердің жерін басып алуға мүмкіндік алды.

Эволюциялық жолмен мемлекеттің басқару жүйесін дамыту, яғни мемлекеттің ескірген басқару жүйесін, сапалы, жаңа жүйеге біртіндеп алмастыру, халық үшін де, мемлекет үшін де тиімді.

Өкінішке орай, мемлекет байлығын емін-еркін иемденіп алған бүгінгі билік, халық жағдайын жақсарту үшін өз еркімен ешқандай өзгеріс жасамайтынын және биліктен өз еріктерімен кетпейтінін уақыт көрсетті.

Эволюциялық жолмен мемлекеттің басқару жүйесін өзгертуге қол жеткізудің бір-ақ жолы бар. Ол – «Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысы ұсынып отырған жоспарды іске асыру (мына сілтемеде көрсетілген https://yvision.kz/post/859433).

Яғни, барлық демократиялық ұйымдардың өкілдерінің, қоғамдық белсенділердің қатысуын қаматамассыз ететін Ұлттық комиссия құрылғанда ғана эволюциялық жолмен әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңа деңгейге жеткізіп, Қазақстан байлығын халық игілігіне жұмсауға қол жеткізуге болады.

Неге Ұлттық комиссия?!

Президенттік басқару жүйесі қандай жағдайға жеткізетінін 29 жылдық тәжрибе көрсетті. Украина, Қырғыстан тәжрибелері де Қазақстан сияқты дамушы мемлекеттерде президенттік басқару жүйесінің халықты жікке бөліп, мемлекетті әлсіретіп, халықты жағдайын бейшара күйге жеткізетінін көрсетті.

Парламенттік басқару жүйесін құру үшін уақыт қажет.

Оның үстіне, ойлағандары тек қана мемлекет қаржысын талан-таражға салуға бағытталған биліккқұмар жүйенің "өкілдерін" билікке жібермей, халық жағдайын, мемлекеттің даму бағытын анықтау үшін бүкіл демократиляқ топтардың үлес қосуына мүмкіндік беретін алаң қажет.

Қалыптасқан жағдайда бұндай мүмкіндікті Ұлттық комиссия қамтамассыз ете алады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз еркімен «Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысының бастамасын қолдап, Ұлттық комиссия құрмаған жағдайда, халық революция жасайды. Себебі, қара жамылып отырған халық қасіретін аяққа таптап, 6 маусым күні отшашу жасап, бірінші президенттің туған күнін тойлау, халық ызасын шегіне жеткізді.

Бұл ұсынысты қабылдауға Тоқаевтың аз ғана уақыты бар (карантин уақыты).

Тоқаев бұл мүмкіндікті өткізіп алса, Украинаның және Қырғызстанның қашқын президенттері В.Янукович пен А.Ақаевтың күні басына түсетіні сөзсіз.

Президент Тоқаев жоғарыдағы ұсыныстарды қабылдамай, халық төңкеріске шыққан жағдайда қантөгістің алдын алу үшін не істеу керек?

1.Халқымыз, «Ақын да, батыр да анадан туады», дейді.

Халық тыныштығын қорғауға арнайы дайындықтан өткен күштік құрылымдардың (полиция, ҰҚК, т.б.) сарбаздары, бейбіт шеруге шыққан халықты айтпағанда, ақ сақалды аталарды, ақ жаулықты әжелерді, жүкті аналарды сүйреп, қамауға алуы, ешқандай ақылға симайтын жағдай. Ертең бұл «сарбаздар» өз ұрпақтарының көзіне қалай қарайды?

Оның үстіне, бұл «сарбаздардың еңбегін» билік қалай бағалайтынын, зейнеткерлікке шыққан Ақтау сарбаздарын үйлерінен қуып шыққан уақиға анық көрсетті.

Яғни, зейнеткерлікке шыққан немесе билік мақсатын қорғау жолында құрбан болған жағдайда, бұл сарбаздардың аналары, жұбайлары, қарындастары және қыздары, өздері қыс ортасында министрліктер үйі алдынан күшпен қуған көп балалы аналар қатарына қосылатыны сөзсіз.

Биліктің қолшоқпары болып жүрген сарбаздар да аспаннан түскен жоқ, анадан туғанз. Бірінші кезекте осы сарбаздармен жұмыс істеп, оларды, халық жағына шығып, ортақ мақсатқа үлес қосуға шақыру керек. Олар да күнделікті көріп жүрген біреудің баласы, біреудің жұбайы, біреудің ағасы, біреудің інісі.

Халық көтеріліске шаққан жағдайда, бұл сарбаздар халықты билік тарапынан көрсетілетін әділетсіз күш қолданудан қорғауға міндетті.

2. Қазақстанның Ата заңының 32 бабында көрсетілген, «...бейбіт әрі қарусыз жиналуға, митингілер мен демонстрациялар өткізуге хақылы», деген демократиялық құқықтарды пайдалану, мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмейтіндіктен, еркін, мемлекет тарапынан шектеусіз қолдануға жатады. Ал, халықтың бұл конституциялық құқықтарын шектеуге бағытталған барлық «заңдар» конституция талаптарына қайшы келеді. Бұндай жағдайда конституция талаптары тікелей қолданылады.

3.Бейбіт әрі қарусыз өткізілген барлық жиналыстарды, митингілер мен демонстрацияларды күшпен таратуға бағытталған барлық іс-әрекеттер, «демократия үрдістеріне қайшы және заңсыз».

«Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысы

09.07.2020 ж.

«Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы» Ұлттық қозғалысына қосылыңыздар!

0
0
434

Осы тақырып бойынша

Құрметті Отансүгіш Бауырлар!Халыққа қолдау көрсетуге дайын болайық! - Yvision.kz