Құрметті отандастар, жерлестер!
Өздеріңіз байқағандай соңғы күндері елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны артқаны байқалуда. Бұған әрине, бірінші кезекте азаматтардың тарапынан карантиндік шаралардың тиісті деңгейде сақталмауы себеп болып отыр. Сондықтан, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін азаматтарды, ұйымдарды, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субектілерін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырамын. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірінші кезекте медициналық маска киіп жүру қажет. Адамдарға көп шоғырланатын – дүкен, дәріхана, қоғамдық көліктерде маскамен жүруге шақырамын. Сонымен қатар, дәрігерлер коронавирус инфекциясы таралуын болдырмау үшін адамдар ең бірінші өздері карантиндік режимді сақтауы және жақын туыстарының денсаулығы үшін алаңдауы қажеттігін айтуда. Олай болса, өз денсаулығымыз өз қолымызда екенін ұмытпайық!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.С.Байғоджаев
Уважаемые соотечественники, земляки!
Как вы заметили, в последние дни в стране наблюдается рост числа заболевших коронавирусной инфекцией. Это, конечно, обусловлено, в первую очередь, ненадлежащим соблюдением карантинных мер со стороны граждан. Поэтому во избежание распространения коронавирусной инфекции призываю граждан, организации, предприятия и субъекты предпринимательства соблюдать санитарно-эпидемиологические требования. В связи с эпидемиологической ситуацией в первую очередь необходимо носить медицинскую маску. Призываю людей больше концентрироваться – ходить в медицинских масках в магазинах, аптеках, общественном транспорте. Кроме того, врачи подчеркивают, что для предотвращения распространения коронавирусной инфекции каждый гражданин должен соблюдать в первую очередь карантинный режим и беспокоиться за здоровье своих близких. Так, давайте не будем забывать, что наше здоровье в наших руках!
Пусть наша страна будет спокойной!
Первый заместитель председателя Енбекшиказахского районного филиала партии "Nur Otan" К.С.Байгоджаев
