Құрметті Ордабасылықтар! Жаңа жыл құтты болсын!
📷Өткен 2020 жыл Қазақстан үшін салмағын салған, елдігіміз бен бірлігіміз сынға түскен ерекше жыл болды. Сонда да, қиындықтарға қарамастан ел болып, біз бұл кезеңді өткеріп келеміз.📷 Ордабасы ауданын өркендету бойынша биыл көптеген тірліктер атқарылды. Атап айтсақ, аудан бюджетінің жалпы көлемі жыл басымен салыстырғанда 4 млрд. 732 млн. 965 мың теңгеге артты. Маңызды жобаларды іске асыру үшін ауданға тартылған инвестициялар көлемі 15 млрд. 912 млн. теңгені құрады. 2020 жылдың 11 айында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 33,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 46 млрд. 885 млн. теңгеге жетті. Ауданымызда 26 сүт фермасы мен 100 мал бордақылау алаңы іске қосылды.📷Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүрді. 10 ауылдың ауыз су жүйесі жаңартылып, 68,3 шақырым жолдар мен көшелер күрделі және орташа жөндеуден өтті.Бірлік пен ынтымақтың шырақшысы саналатын қасиетті Ордабасы өңірі жылды табысты аяқтады деуге толық негіз бар.📷Жылды қорытындылар шақта ауданымыздың дамуына қосқан еселі еңбектеріңіз үшін Сіздерге зор алғыс айтамын!📷Алдағы 2021 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ.📷Маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт - Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл мерейтойға да біз айтулы жетістіктермен жетеміз деген үміттемін.📷Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды.📷Біз енді Тәуелсіз еліміз үшін жаңа 30 жылдықтың жарқын парағын ашамыз.📷Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын!📷Баршаңыздың еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!📷Ізгі ниетпен,Ордабасы ауданының әкіміНұрбол Тұрашбеков.
