Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті Ордабасылықтар!!!

Қаншама қалалар мәдени орталықтар қиратылды, жазықсыз жандар құрбан болып, өлшеусіз қан төгілді.Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір отбасынан рулы ел тарап халық қашанда еңсесін көтеріп, ел болып дамитын. Ата- бабамыз осындай ұланғайыр жерді ақ найзасының ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан- ұрпаққа мұра етті. Дархан далаға назарын салғандар да, үлесін алғандар да найзасын безеп шабынғандар да, таңдай қағып табынғандар да болды. Азулылар айқаса кетіп айлалылар арманына жетіп, еліміз бодандық бұғауына тұншықты. Еркіндік елеске азаттық келмеске кетті.Ұлы жартушының шешімі әділ болды. Тілі мен діні, ділі мен мінезі уақыттың қатерлі тұсына келген, енді аттаса, заман жарқабағынан құлау қарсаңында – мүлдем жойылу, тарих аренасынан сызылып кету қаупі алдында тұрған қазақ халқына жиырмасыншы ғасырдың соңы ерекше тағдыр сыйлады. Ғасырлар бойы «аттың жалы, түйенің қомында жүріп» дербес ел болуды көксеген кемеңгер ойлы, кесек тұлғалы көсемдеріміз бен шешендеріміздің рухы бір-бір аунап, қазақтың ұлан байтақ даласына Тәуелсіздік дейтін қыран кескінді, алтын қанатты киелі құс келіп қонды. Осындай ауыр кезеңде, осы бір жүгі мен жауапкершілігі зіл батпандай ауыр міндетті атқару үшін тағдыр бізге Н.Ә. Назарбаевтай кемел ойлы кемеңгер ерді берді.Ел алдындағы, өркениет алдындағы аса жауапты міндетті Елбасы абыроймен орындады. “Сүйер ұлың болса, сенде сүй” деп Абай атамыз айтқандай, Нұрсұлтан Назарбаев қолпаштауға да, қолдауға да, қошеметтеуге де тұратын; қалай мақтаса да сыйға лайықты тұлға. Демек осы Елбасы ұстанған саясаттың арқасында егемен еліміз еңселі болсын десек біз өскелең жас ұрпақ болашағымыздың дамуына үлес қосып Тәуелсіздігіміздің тұғырын мықты ұстайық.Зейнеткер, «Ордабасы ауданының құрметті азаматы»Данешұлы Гайдар

Осы тақырып бойынша

Құрметті Ордабасылықтар!!! - Yvision.kz