Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті нәзік жандар!

Көктемнің төл мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Біздің қазіргі қоғамымызда Сіздер тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, қоғамдық мәселелерге белсене араласатын қоғам қайраткерлерісіздер.
Елбасы «Расында адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Бұлардың өшпес өнегесі жаңа Қазақстанда жалғасын тауып келеді. Ел мен ерге сын болған кезеңде әйелдер қоғам жүгін қайыспай көтере білді. Сіздер отбасы берекесімен бірге тәуелсіздікті нығайту ісіне зор  үлес қосып келесіздер» деп атап өтті.
Ұлт Көшбасшымыздың көрегенділігінің арқасында әйелдер Министр, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, құқық қорғау органдарында генерал болып қызмет атқарады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыстық сот алқаларының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, судьялары болып тағайындалып, сапалы нәтижелі жұмыстар атқаруда.
Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Әбдіразақұлының, өзімнің, ұжымымыздың ер адамдары атынан баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын! Әрқашан шаңырақтарыңыз биік болып, үйлеріңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға  береке-бірлік, әрқашан сәттілік тілеймін!

Қайнар:Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай

0
0
1785

Осы тақырып бойынша

Құрметті нәзік жандар! - Yvision.kz