Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Қадірменді қауым!
Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады.
Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Дана халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Сондықтан қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек.
Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер жоғары әдеп нормаларын қатаң сақтауы маңызды екенін айтқым келеді.
Қадірлі тәртіп сақшылары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлердің еңбектері бағаланып,алғыс білдіріп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында құрбан болған тәртіп сақшыларын еске алатын күн десек артық айтпаған боламыз.
Ішкі істер органдары еліміздің ең ірі, көп құрылымы бар қазақстандықтардың құқығын қорғап, қылмыспен күресетін,тәртіпті қамтамасыз ететін ұйым.
Қазақстан тарихының қуатты бөлігі ол Ішкі істер органдары құрылымы, ардагерлерге, қауіпке бас тіккен қаһармандарға әрдайым елдің алғысы зор.
Ауданымыздағы полиция қызметкерлері де аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді. Әрі осы бағытта бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасады деген сенімдемін.
Бүгінгі мерекені пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!
Ізгі ниетпен, «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байғоджаев Қ.С.
