Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті мемлекеттік статистика қызметкерлері!

Құрметті мемлекеттік статистика қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мереке - Қазақстан Республикасы статистика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Билік органдары мен қоғамды жан-жақты әрі шынайы, нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін, мемлекеттік басқару жүйесінің айрықша маңызды саласы болып есептелетін статистика органдары сонау 1920 жылы құрылды. Сала еңбеккерлерінің ынтымақты жұмысы еліміздің алдағы бағыт-бағдарын айқындауға мол мүмкіндік береді. Сіздердің қызметтеріңіз әлеуметтік-экономикалық даму барысын барынша айқындай отырып, ұлттық экономиканың қарқынын және тұрғындардың тұрмыс деңгейін сараптап, алдағы ауқымды істі жоспарлауға ықпал етеді.

Әр күнгі тынымсыз істеріңіз арқылы Сіздер ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденіп, дамуына өздеріңіздің сүбелі үлестеріңізді қосып келесіздер. Сіздердің күнделікті тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз біздің аймақтың тұрақты дамуының кепілі. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, денсаулық, бақыт, табыс және тәуелсіз Қазақстанның болашағы мен гүлденуіне өлшеусіз үлес қосатын кәсіби саладағы зор табысқа жете берулеріңізге тілектеспін!

Чуленбаева Ақерке - Бірінші Май а/о Жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы

0
0
146

Осы тақырып бойынша

Құрметті мемлекеттік статистика қызметкерлері! - Yvision.kz