Құрметті маңғыстаулықтар және партияластар!
Құрметті маңғыстаулықтар және партияластар!
Бүгін "Nur Otan" партиясының ХХ съезінде партия басшылығы, әріптестерім үлкен сенім білдіріп, мені Парламент Мәжілісі депутаттығына партиямыздың тарапынан ұсынылған үміткерлердің тізіміне бекітті. Бұл мен үшін және мені қолдаған партияластарым үшін үлкен сенім.
Алғаш өткізілген партия праймеризі ашық түрде өтіп, ел ішінде өзіндік пікірі, ұстанымы бар азаматтарға жоғары деңгейде мемлекет ісіне араласуға мүмкіндік берді. Бұл партияның жаңа бағытқа бет алғандығы және қоғам сұранысын ескеріп отырғаны деп есептеймін.
Бұйырса Парламент Мәжілісінің құрамына жаңа идеясы бар, талапшыл, ашық-пікір сайысқа дайын, барлық топтардың сұранысына сай заңнамаларды жасақтауға мүдделі азаматтар сайланғалы отыр.
Біз халықтың не қалайтынын білеміз. Жаңа Парламент өте күрделі кезде жұмыс бастайын деп отыр. Коронавирустың әсері бүкіл әлем экономикасына әсер етуде. Тіпті дамыған елдерде азаматтардың табысын төмендету және жұмыссыздықтың өсуі сияқты елеулі қиындықтарға тап болды. Қазақстанда осы індеттен ауыр соққы алды. Алайда, мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға тиіс және солай болуы керек. Әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың мүдделерін қорғау, жұмыс орындарын ашу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және т.б. мемлекетіміз үшін әрқашан басым бағыт болып қала береді.
Алдағы парламенттік сайлау биліктің өкілді органдарының рөлін арттыруда шешуші қадам болады. «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының іс жүзінде іске асырылуына жаңа серпін береді.
Сайлаудан кейін қандай өзгерістер күтеміз? Жүргізілген саяси реформа Парламенттің Үкімет қызметін бақылаудағы рөлін күшейтеді деп ойлаймын. Депутаттар министрлер мен әкімдерден сапалы жұмыс нәтижелерін талап ететін болады. Бұған қоса, халық қалаулыларының өздері халық пен партияның мүдделерін қорғау бойынша белсенді ұстанымға ие болады.
