Құрметті Есенов жастары, достар! Елбасы айтқандай: Спортпен айналысыңыздар! Спорт- денсаулық кепілі.
Құрметті достар! 📷📷
Тұңғыш Президент күніне орай, тағылымды мейрам қарсаңында, студенттеріміз үшін, барша Есенов ұжымы үшін де тағы да бір маңызды нысанның ашылуы тұспа-тұс келді. 4 спорт түріне арнайы жасақталған 6 алаңы бар жаңа спорт нысанының жалпы ауданы 4880 шаршы метрді құрайды.Бүгін,Yessenov University
Есенов Университеті болашақ халықаралық ірі жарыстардың чемпиондарын тәрбилеп келеді. Өткен жылы, студентіміз Бекзат Нурдаулетов те бокстан әлем чемпионы атанып, бүкіл қазақ жұртшылығын қуантқан болатын. Бүгінде бокстан олимпиаданың күміс жүлдегері, біздің түлегіміз Адилбек Ниязымбетов қазіргі жас спортшыларымызға үлгі болып, алаңды салтанатты түрде қала әкімі Килыбай Нұрдаулетпен салтанатты түрде ашып берді. Алдағы болатын әлемдік жарыстарда да спортшы-студенттеріміз үмітті ақтайтынына сеніміміз мол.
Денсаулық – басты байлығымыз және дені сау ұлттың - бәсекеге қабілетті болатыны сөзсіз. Осы мақсатта жастарымыздың дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауға тырысудамыз.
Құрметті Есенов жастары, достар! Елбасы айтқандай: Спортпен айналысыңыздар! Спорт- денсаулық кепілі. Онсыз алған білімнің де, жасаған жұмыстың да, атқарлыған істердің де бәрі бос болмақ! Спортпен шұғылданып, өз өміріңді жақсарт! Дені сау, білімді, еңбекқор ұрпақ – бұл ертеңгі Қазақстан!
#yusport
