Құрметті достар!
Құрметті достар!
Баршаңызды 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі мереке еліміздің тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдаған – Қазақстан Республикасының Президентін алғаш рет сайлаған күні, еліміздің президентік институтқа қадам басқан күні.
Қазақ жерінің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, дамуы, еңселі ел атануы тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев тұлғасымен тығыз байланысты. Cол тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміз күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды. Еліміздің бұл жеткен жетістігі мен шыққан биігі сөз жоқ егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтын айқын дәлел. Сондықтан бұл мереке – тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы мол, тарихи тағылымы терең мейрам.
Сіздерді тағы да Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге ынтымақ, бірлік тілеймін! Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік бола берсін!
