ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Құрметті азамат Самиев, партия ардагері А. Шотпанов аға буын өкілдерімен кездесті

10.01.2021ж. Өткізілген сайлау қорытындыларын қолдау мақсатында ауданның құрметті азамат С.Самиев және партия ардагері А. Шотпанов аға буын өкілдерімен кездесті. Еліміздегі басты партия «Nur Otan» басым дауыспен жеңіске жетіп, өз сайлаушыларының үмітін ақтады. Бұған дейін де Қазақстан халқының құқығы мен бостандығын, еңбек етуге, қауіпсіз өмір сүруге, ұлттар достығын бекіте түсуге арналған ауқымды жұмыстарды атқарып келген партия алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарын ширата түспек. Ең бастысы ауданымызды дамытуға арналған 7 басым бағыттың аясындағы жұмыстардың кезең-кезеңімен қолға алынбағы, бұл ауданымызды стратегиялық тұрғыдан өркендетіп қана қоймай, жаңа кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп, жаңа жұмыс орындарының ашылып, өз мақсаты бар жандарға үлкен қолдау көрсетілетініне берілген кепілдік болып табылатындығы әңгіме өзегіне айналды.