Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті қазақстандықтар!

Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!

Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!

Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Біз ешқашан бірсәттік пайданы көздеген жоқпыз, орындалмайтын уәде беруден де аулақ болдық. Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істедік. Заман алдымызға тартқан сан түрлі сауалдарға біздің дайын жауабымыз болған жоқ. Соған қарамастан еңбектене жүріп үйрендік, қажетті тәжірибе жинақтадық. Соңғы кездерде бетпе-бет келіп отырған қиындықтар партияның саяси тұғырнамасында көрініс тапқан құндылықтардың ерекше маңыздылығын тағы да растады. Бұлардың қатарында – Адам, Бостандық, Заң үстемдігі, Әділдік, Бірлік, Болашаққа нық қадам, Отбасы мен дәстүр секілді қастерлі ұғымдар бар.

Біз өз шешімдеріміз бен әрекеттеріміз барысында сара жолды саясатқа сүйене отырып, әрдайым ұлы мұраттар жолында жұмыла білдік. Сарабдал саясат жүргізу және барша қазақстандықтардың мүддесін ескеру елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізіне айналды. Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Бүгінде партиямыздың өзіндік дәстүрі, қол жеткен табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар.

Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада егжей-тегжейлі көрініс тапты. Бұл алға қойған міндеттерді еліміздің кез келген өңірінде, барлық деңгейде тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Біз елді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру бағдарын берік ұстанамыз.

Барша сайлаушыларды алдағы сайлауда Nur Otan үшін дауыс беруге шақырамын. Қазақстандықтар бейбіт өмір, тұрақтылық пен жарқын болашақ үшін дауыс беретініне сенімдімін! Қуатты мемлекет пен тең мүмкіндіктер қоғамына таңдау жасаңыздар!

Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев

0
0
133

Осы тақырып бойынша

Құрметті қазақстандықтар! - Yvision.kz