Құрметті ауыл шаруашылығының еңбеккерлері!
Құрметті ауыл шаруашылығының еңбеккерлері! Сіздерді кәсіби мереке – Ауыл шаруашрылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде еліміздің аграрлық саласы дамып келеді. Бар өмірін туған жерге арнап жүрген сіздерге табысты еңбек және төккен тердің жемісін көруге тілектеспіз. Қажырлықпен атқарған жұмыстарыңыз жақсы нәтиже беріп, табиғаттың дүлей күші айналып өтіп, еккен дәндеріңіз, баққан малдарыңыз көл-көсір өніммен қуантсын! Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілейміз!
