Құрметті ауыл шаруашылығының еңбеккерлері!
Сіздерді кәсіби мереке – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді. Әрине, біз одан әрі еңбектеніп, еліміздің игілігі үшін әлеуетімізді арттыра беретін боламыз.
Бар өмірін туған жерге арнап жүрген сіздерге табысты еңбек және төккен тердің жемісін көруге тілектеспіз. Қажырлықпен атқарған жұмыстарыңыз жақсы нәтиже беріп, табиғаттың дүлей күші айналып өтіп, еккен дәндеріңіз көл-көсір өніммен қуантсын! Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!

