Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз – қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Кез-келген мемлекеттің қалыпты экономикалық өсімі тұрақты қаржы секторына тікелей байланысты екендігі мәлім. Осы ретте, сіздер ауданымыздың қаржы саласында түрлі қызметтерді тиісті деңгейде атқарып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатта айқындалған ауқымды міндеттердің ойдағыдай іске асырылуына өзіндік үлестеріңізді қосып келесіз. Сол арқылы аудан экономикасының қай-қай саласында даму тенденциясы байқалып, нәтижесінде азаматтардың әл-ауқаты жақсара түсті.

Сіздердің ел игілігі үшін атқарып жүрген қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіре отырып, деңдеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толайым табыстар тілеймін.

Әрдайым Тәуелсіздігіміз – мәңгі, мемлекеттілігіміз – берік, төл валютамыз – теңгеміз – құнды болсын.

Игі тілекпен, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық

филиалы.

0
0
189

Осы тақырып бойынша

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері! - Yvision.kz